4.02.2020, 10:09
Қараулар: 239
Көлік құралын масаң күйде басқаруына жаза қатаңдатылды

Көлік құралын масаң күйде басқаруына жаза қатаңдатылды

Құқықтық, демократиялық мемлекет құру мақсатында қазірде еліміздің сот заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Соған байланысты Президент 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған заң үстіміздегі жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енді. Қолданысқа енгізілген әкімшілік заңнама әкімшілік жаза түрлерінің мүмкіндігінше ізгілендірілгенімен ерекшеленеді. Дәлірек айтқанда жаңа өзгерістер мен толықтыруларға сай жол ережесін бұзған азаматтарға қатысты жаза қатаңдатылды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608- бабы 1 бөлігімен жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру — көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғатын, ендігі жерде «он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.». Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер — көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғатын, енді, «жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді. Сонымен қатар мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-бөліктермен толықтырылды: яғни

«3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

3-2. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –жиырма бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және тоғыз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»

Көлік құралдарының ерекше қауіп көзі болып табылатынына байланысты, оны қауіпсіз пайдалану, яғни Қазақстан Республикасының Жол жүру ережелерін сақтау-әрбір жүргізушінің міндеті, өйткені бұл көлік жүргізушісінің ғана емес, сонымен бірге ең алдымен басқада жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өмірі соған тәуелді болып келеді.

Ж.ДҮЙСЕНОВА,

Казталов ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

сот отырысының хатшысы