4.02.2020, 10:02
Қараулар: 209
ҚР АЗАМАТТАРЫНА УАҚЫТША ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРУІ ТОҚТАЛДЫ

ҚР АЗАМАТТАРЫНА УАҚЫТША ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРУІ ТОҚТАЛДЫ

Көші-қон қызмет тобы өз жұмысын кейбір өзгерістерімен толықтыруларды жыл басынан басталып қарқынды жұмысын атқарып  келеді.  2020жылдың  1қаңтарынан  бастап шетел азаматтарын электрондық қолтаңба арқылы  енді үй иесі тіркеуге болады. Бұрын бұл арнайы ІІМ Көші-қон қызмет тобына барып, тіркелуі ұзақ уақыт алатын еді. Қазір оның барлығы қысқартылды.  Енді орта азиялық Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген шетел азаматтары мен азаматшалары міндетті түрде ХҚКО-на келіп, үй иесі арнайы электрондық қолтаңбалы сандық кітапшасына 3ай  немесе 2 ай уақытша мерзімге тіркейді. Азаматтарымызға тағы да айтар жаңалығымыз енді ҚР азаматтарымыз уақытша жеке куәлік алмайды. Оған Елбасымыз 2019 жылдың 8 желтоқсанда уақытша жеке куәлік беру немесе ҚР азаматының паспорттарына ата-аналары мен бірге шетелге шыққан жағдайларда 16 жасқа дейінгі балалары туралы фотосуреттері жапсырылған жазба  туралы ережелеріне заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ҚР заңына енгізілген түзетулер күшіне енді. Осыған байланысты заң тікелей әрекет ететіндігіне ескере отырып, азаматтарды ҚР азаматтарына уақытша жеке куәлік беру және ҚР азаматының паспортына ата-аналыарымен бірге шетелге шықан жағдайда 16 жасқа дейінгі балалар туралы фото суреттері жапсырылған жазба ІІМ 2015жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қабылдау қызметтері тоқталды.

Айтолқын КЕРЕЕВА