4.02.2020, 9:44
Қараулар: 250
ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОСӨЗЕНДЕ

ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОСӨЗЕНДЕ

 

 

 

 

 

 

 

3 ақпан күні аудан орталығына Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы шеңберінде «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын табыстауға Жәнібек ауданы ат басын тіреді.

Аталған шараға БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Әсия Жумина, қоғамдық келісім кеңестері, сот төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдары, қоғамдық медиаторлар, жастар қоғамдық бірлестіктері қатысты. Ассамблея аясында келген қонақтар алдымен аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан

жерлестер монументіне гүл шоқтарын қойды.

Алғашқы диалогтық алаң «Nur Otan» аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасының тарихи рөлі» тақырыбында өрбіді. Ашық алаңда аталған бағыттағы мәселелерді шешу, азаматтық қоғам институттары мен билік органдарының өзара іс-қимылын, мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық шараларға бақылау жасауы кеңінен талқыланды. Екінші диалогтық алаң «Рухани жаңғыру» залында жалғасын тапты.

Жәнібек және Казталов аудандары ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, еңбек ардагерлері «Ата сөз-бата сөз» атты еркін кездесуде бірқатар мәселелерді ортаға салып, ой-тұжырымдары мен ақыл-өсиеттерін жастарға айтты. Сонымен қатар жиында ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі бағыттары, аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлінің төмендеуі, айналамызда орын алып жатқан түйткілді мәселелерді шешудегі ақсақалдардың рөлі туралы маңызды ойлар талқыланды.

Казталов мектеп-лицейінің мәжіліс залында үшінші диалогтық алаң «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешудегі БҚО ҚХА аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқылау» жөнінде өтті. БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Әсия Жумина аналар кеңесінің атқарылған жұмыстары мен мәселелерін талқыласа, қоғамдық ұйым өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.

Шара барысында отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған жұмыстар, ажырасудың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар жастардың қалыптасуындағы ұлттық тәрбиенің рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жас отбасында жиі кездесетін мәселелерді анықтап, жан-жақты талқыланды.

БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақовтың қатысуымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен төртінші диалогтық алаңда «ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы мен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктері Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы» әңгімелер өрбіп, Ассамблеяның жұмысындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аудандық кітапханада «Медиация және дебаттар: жанасу нүктелері» тақырыбында диалогтық алаң өтті. Басқосудың мақсаты – қоғамда өзара сыйластық пен түсіністікке тәрбиелеу, қоғамда татуласу әдістері туралы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту. Шараға қатысушылар «Медиация туралы» заңына енгізілген өзгерістер туралы кеңінен айтып, ойларын ортаға салды.

Қатысушылар пікір алаңнан соң аудандық мәдениет үйіне жиналды. Көрермендер «Елбасы жолымен» және Ассамблеяның 25 жылдығына» арналған көрмелер мен Жәнібек ауданының көркемөнерпаздарының мерекелік концертін тамашалады. Шара соңында Жәнібек ауданы Халық экспедициясы эстафетасын Казталов ауданына табыстады.

Жұлдыз АСҚАР,

Диана БАҚСЫҚ,

Гауһар ӘДІЛЖАН

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар