4.02.2020, 9:29
Қараулар: 110
ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жуырда Батыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев пен ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов ауданымызға іссапармен келді.
Сапар барысында Ақпәтер округіне қарасты «Перизат» шаруа қожалығында болды. Шарушылықта 2019 жылдың аяғында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы алынған 100 асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры, еділбай тұқымды қойды көріп, бордақылауда тұрған 110 бас ірі қараның тамақтану процесімен танысты. Содан кейін «Барыс» шаруа қожалығының жағдайын көрген басқарма басшылары 1000 бастан жоғары мамандандырылған ірі караны бордақылайтын алаң жұмысымен де танысты.
Облыс орталығынан келген басшылардың іссапары «Ет индустриясы» мамандандырылған мал бордақылау кешенін аралаумен аяқталды. «Ет индустриясында» бүгінде 2184 бұқашықтар бордақыланып, мал сатып алынуда. 200-дей қазақтың ақбас тұқымы және герефорд тұқымдары шаруа қожалықтар мен ауылшаруашылық кооперативтерге жалға беруге семіртіліп жатыр екен.
Шаруашылықтарды аралап, қыстақтағы шаруалардың тынысымен танысқан басқарма басшылары ауыл шаруашылық саласына жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.

 

Гауһар ӘДІЛЖАН

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар