3.02.2020, 18:18
Қараулар: 223
ДАУДЫ БІТІМГЕРШІЛІКПЕН  ШЕШУДІҢ БІРДЕН-БІРІ ЖОЛЫ

ДАУДЫ БІТІМГЕРШІЛІКПЕН  ШЕШУДІҢ БІРДЕН-БІРІ ЖОЛЫ

Қазіргі таңда қоғамда арасында дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
         Медиация — дегеніміз бұл латын тілінен аударғанда medire-делдалдық ету дегендігі білдіреді. Яғни тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі болып саналады.
         Жалпы, медиация өз бастауын көне заманнан алады. Оның ішінде өзіміздің тарихымызға көз салатын болсақ бүгінгі таңдағы медиаторлардың атқарып отырған жұмыстарын дауларды шешу, екі жақтың мүддесін қанағаттандыру және т.б. жұмыстарын сол кездегі билер алқасы жүзеге асырған.
Ал, қазіргі таңда ҚР аумағында 2011 жылдан бастап « Медиация туралы»  Заң қолданысқа енгізілді. Заң мына жағдайларда қолданылады: жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
Медиатор – дегеніміз тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.
   Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал екіншісі – кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Мыналар: мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиатор бола алмайды.
Аудандық сотта 2019 жылы 15 азаматтық  іс, 52 әкімшілік іс , 2 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Азаматтық  іс бойынша мысал келтірсек, Талапкер Ш.-ің  жауапкер  Г. қа ар-намысы мен абыройын қорғау және  1150 000 теңге  моральдық  залал өндіру  туралы азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталды.
Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.
  1. Гауһар ӘДІЛЖАН