3.02.2020, 18:12
Қараулар: 288
Балаларда гельминтоздардың алдын алу

Балаларда гельминтоздардың алдын алу

Гельминтоздар – паразиттік аурулар. Оның ең жиі кездесетіні — энтеробиоз. Бұл ауруды ішекте, көбіне тоқ ішекте өмір сүретін, ұзындығы 1 см-ге дейін, ақ түсті жіңішке гельминттер –острицалар тұрады. Ауру көзі тек адам ғана бола алады. Көбіне энтеробиоз балалар мекемелерінде- балабақшаларда, мектептерде, балалардын сауықтыру лагерінде, қоғамдық бассейндерде жұғады.
Адам бұл кесел личинкасы бар, острицалардың пісіп жетілген жұмыртқаларын жұтып қойған кезде жұғады. Жұмыртқалар тік ішектің қатпарларына тұрып алады да, әсіресе түнде қатты қышиды.
Острицалардың өмір сүру үзындығы 1 айдан 3,5 айға дейін, алайда адамның ауруды үнемі жұқтыруы есебінен ауру ұзаққа созылуы мүмкін. Жеке бас тазалығын сақтамаған жағдайда, бала көтен тесігі аумағын қасыған соң лас қолын аузына салып, ауруды басқа адамға және өзіне қайта жұқтыруы мүмкін.
Острицалардың жұмыртқалары төсек орында,іш киімде, кітаптарда, есік тұтқаларында, киімде сақталады. Энтеробиоздың қоздырғышы қоршаған орта факторларына және залалсыздандырушы құралдарға аса төзімді. Тек алдын алу шараларының көмегімен күресе аламыз.
Энтеробиоздың қоздырғышы бөлімше зертханасында қырынды әдісімен тексеріледі, оң нәтижесімен, яғни острица анықталғандарға анықтама беріліп, балалар дәрігеріне жолданады. Емделіп болған соң 14 күннен кейін бақылау жүргізіледі. Аудан бойынша, 2019 жылы 398 бала тексеріліп, сонын 74-нен, яғни 18,5 % ішек құрт жұмыртқасы анықталды. Алдын алу шаралары мақсатында балалардың күнделікті дәміне жеміс-жидек пен көкіністі, әсіресе ішекті гельминттерден тазартуға септігін тигізетін сәбізді, сарымсақты, асқабақ дәндерін молынан қосу қажет.
Балада энтеробиоз белгілері анықталған жағдайда, оны және онымен қатынаста болған адамды диагнозды нақтылау және ем әдісін анықтау үшін, сондай-ақ басқа балаларды острицаларды жұқтырудан сақтандыру жөніндегі уақытылы шараларды қолдану үшін дәрігерге жіберу керек. Ең басты міңдетіміз жеке басты гигиена сақтау – қажеттігі және тазалық. Сонда ғана балаларымыздың дені де, психикасы да сау болмақ.

Г.ҚАБДЫҒАЛИЕВА,
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО»
ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалының Казталов аудандық бөлімшесінің паразитолог-
зертханашысы