3.02.2020, 18:03
Қараулар: 167
Жолдау жүктеген міндеттер

Жолдау жүктеген міндеттер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында барлық саланы қамти отырып, болашаққа айқын бағыт-бағдар берді.
Мемлекет басшысының Жолдауында саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесіне қатысты мәселелерге де айрықша назар аударылған. Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін атап өткен Президент сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу және одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.
Жолдауда сот жүйесіне сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бір қатар маңызды шаралар жүзеге асыру қажеттігі тапсырылды. Мемлекет басшысы судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие екенін атап өтіп, сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірінғай сот тәжірибесін орнықтыру қажеттігіне талаптар қойды.
Президентіміздің сот жүйесіне берген тапсырмалары Конституциямызда бекітілгендей, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, ҚР Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтик-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Бұл бағыттағы сот саласында жүргізіліп жатқан реформалар оң нәтиже беруде. Бұдан басқа Жоғарғы Сот бастамасымен қазіргі заман талабына сай, әрі бірыңғай сот тәжірбиесін қалыптастыру бағытында көптеген заңдарға өзгерістер енгізілуде.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық процестік заңнамаларын жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңдары қабылданып, ағымдағы жылдан қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріне жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату, сотқа дейінгі тергеуді жеңілдету, қылмыстық процеске қатысушылар мен сотталғандардың құқықтарын күшейту мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ендігі уақытта зорлау, педофилия, браконьерлік, мал ұрлығы, есірткі тарату, мас күйде көлік жүргізу және тағы басқа да ауыр қылмыстар бойынша жауапкершіліктер қатаңдатылды.

Аида КАТИМОВА,

Казталов аудандық сотының
жетекші маманы​​​​​​