21.01.2020, 11:58
Қараулар: 128
МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕРЕЙЛІ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Казталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов және Казталов ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов еңбек ардагері Разин Абдырахманұлын мерейлі 80 жасымен құттықтады.

Мерейтойлық қабылдауда ауыл әкімі Жүсіп Шакуов өнегелі өмір иесі Ризан Абдырахманұлының жүріп өткен жолы, атқарған еңбегінің көпшілікке үлгі екенін айтып, игі тілегін білдірді. Сонымен қатар мерейтой иесінің иығына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.

Ауыл шаруашылығында, аудандық жол мекемесінде көлік жүргізуші болып ұзақ жылдар қызмет атқарған Ризан ата округ әкімі Жүсіп Шакуовке құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Диана МЕДЕТҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар