21.01.2020, 11:37
Қараулар: 195
КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КҮРМЕУІ ШЕШІЛГЕН АУЫЛ

КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КҮРМЕУІ ШЕШІЛГЕН АУЫЛ

16 қаңтар күні Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл ауылдық округтерінде округ әкімдерінің халық алдында есеп беру жиыны басталды. Есеп беру жиынына аудан әкімі Альберт Есалиев және салалық бөлім басшылары қатысты. Есеп берген округ әкімдері Арман Ғалымов, Радж Шарипов және Бақытжан Мерғалиев 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ауыл әкімдерінің хабарламаларына құлақ түрсек, үш округте де атқарылған жұмыстар аз емес.

Қараоба ауылында Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант мақсатында 250 000 теңге грант алғандар Насиболла Қасым ағаш кесетін станок, Ұлжан Булкайырова пластикалық терезе жасайтын құралдар алса, 505 мың теңге грант алған Дамир Хамидуллин «Плейстейшен», Мұхит Нұрлы «Шаштараз» және Ажар Бекқали «Сұлулық салонын» ашып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсету арқылы өз кәсіптерін жандандырған. Осындай жастардың талпыныстарын туған ауылға қосқан үлестері деп санаймыз.

Қошанкөл округіндегі шағын кәсіпкерліктің дамуы қарқынды. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған” бағдарламасының “Жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағыты бойынша шағын несиеге қол жеткізгендер 6 адам болса, барлық несие сомасы 22 млн. 350 мың теңгені құрайды.
Ғайса Жұмағалиев «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 5 млн теңге, мирғаным Қуанғалиева «Игілік» бағдарламасымен 1 млн. 500мың теңге алып, мал өсірумен айналысуда. Уахат Бекжан «Игілік» бағдарламасымен 4 млн теңгеге мал алу үшін жұмыстануда. Алдаберген Жанұзақов «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал алуға 9 млн теңгеге құжаттарын тапсырды.
Тереңкөл ауылдық округі бойынша жалпы 2019 жылы ірі қара мен қой малын асылдандыру бағытын аокругтің шаруашылықтарына 70 млн. 143 мың теңге субсидия төленсе, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында округте жаңадан 4 трактор, 2 шөп буатын, 2 шөп шабатын техникалары алынды.
Мал қыстату науқанын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында 15000 тонна табиғи мал азығы жиналып, 100 тонна жем дайындалды. Қыстайтын малдың орташа шартты басына азықтық балансының есебі бойынша қамтылуы 100 пайыз болды. Өткен жылдың еншісінде атқарылған жұмыстарға ауыл тұрғындары қанағаттанарлық деген баға беріп, бұл жылда да өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиында сөз алған Қараоба ауылының тұрғындары азық-түлік құнының қымбаттығы, ауылдағы жалғыз қаржылық операцияларды жүзеге асыратын «Қазпоштаға» мамандардың тұрақтамауы, күре жолдың бойындағы Қараоба жол қатынасын жөнге келтіру, мал ұрлығы мәселесінің жыл басында жиілей түсуі атап айтсақ, Еңбек елді мекенінде 12 малдың қолды болғандығы сөз болды. Сонымен қатар ауылға техникалық су тарту жұмыстары және соңғы кездері ауыл тұрғындарының мал-қораларында аса қауіпті жәндік кенелердің көбеюі көпшілік тарапынан алаңдаушылық туғызатынын алға тартып, ветеринария мамандары тиісті профилактикалық шараларды дер кезінде қолға алмаса түрлі аурулардың таралуына себепші болатынын тілге тиек етті. Қошанкөлде жалғасқан есеп беру жиынында ауылдық округі әкімі Радж Шарипов өткен жылы атқарылған жұмыстардан есеп берді. Өткен жылы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері бойынша жер алу мәселесі, бөгетке су айдау, ауыл ішіне даланың сұлу жануары ақбөкендердің кіруі және браконьерлер пайдасын көріп жатқандығына тоқталды. Осы мәселеге орай жиында Мемлекеттік бағдарлама бойынша киіктерді арнайы қорғау туралы үкіметтің қаулысына сәйкес ауыл тұрғындары барынша қорғау мәселесін қолға алу қажеттігін атап өтті. Тереңкөл ауылдық округі тұрғындарының ұсыныс-пікірлері бойынша жеке тұрғындарға мал суаруға бөгетті тереңдету, кіреберіс жолды асфальттау мәселелері көтерілсе, аудан басшысы бірітіндеп шешімін табатынын жеткізді. Есеп беру жиынында аудан әкімі Альберт Есалиев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, округтердің алда тұрған міндеттерінің біртіндеп жүзеге асатынын айтты.

Айта кету керек, халық жиынына қатысқан тұрғындардың жүзінен бүгінгі жүргізіліп жатқан реформаға риза екендігін және тұрмыс-тіршіліктерінің жақсарғанын байқап, көңіліміз марқайды.

Әсем БОЛАТ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар