21.01.2020, 11:30
Қараулар: 305
«БІР ЕЛ -БІР КІТАП — 2020» АКЦИЯСЫ

«БІР ЕЛ -БІР КІТАП — 2020» АКЦИЯСЫ

Аудандық модельді кітапханада «Бір ел-бір кітап -2020» акциясы аясында шара өтті. Шарада оқырмандарға жазушы Мұхтар Әуезовтің ғұмыры мен шығармашылығынан бейнежазба көрсетілді.

Шарада сөз алған аудандық кітапхананың әдіскері Гүлжан Базартаева оқырмандарды акция аясында үздік деп таңдалған Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасын және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты шығармаларын оқуға шақырды.

Казталов мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Асылжан Нұртаев пен Мейрамбек Сейтімбет ақын шығармаларынан үзінді оқыса, шара соңында биылғы жылға ұсынылған кітаптарға кітапкөрме жасақталды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар