21.01.2020, 11:28
Қараулар: 235
БОЛАШАҚҚА ҮМІТ — ЖАСТАРҒА СЕНІМ

БОЛАШАҚҚА ҮМІТ — ЖАСТАРҒА СЕНІМ

15 қаңтар күні Жалпақтал ауылында жастардың патриоттық сезімін қалыптастырып, мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуын насихаттау мақсатында кешегі «Жастар жылын» қорытындылап, биылғы «Еріктілер жылында» жаңа серпін беруді көздеген К.Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы ұйымдастырған кең көлемдегі аудандық жастар форумы өз мәресіне жетті.
Жалпы, жастарды қоғамымызды дамытудағы белсенді күшке теңейтін болсақ, біздің тәуелсіз мемлекетіміз діттеген мақсатына қысқа мерзім ішінде қол жеткізетініне сеніміміз мол. Өйткені, біздің бүгінгі жастарымыз әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымды меңгеріп, дамыған елдер сапында бәсекелестікке төтеп беру арқылы өз биіктерін бағындыруда. Оған ауылымызда өтіп жатырған бүгінгі аудандық жастар форумы да тікелей дәлел бола алады. Мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Олар айналасы мойындаған озық идеяларымен мұздай қаруланып, еліміздің өркендеуіне үлес қосып келеді. Мысалы, осы мектептің 2016 жылғы түлектері Мейірбек Базаров, Марат Өтешқалиев, Дәулетхан Нәбиуллин жастар форумы барысында «Адам болам десеңіз» тақырыбына шеберлік сағатын өткізіп, форумға қатысушы жастардың алдында өздерінің жоғары біліктіліктерін дәлелдесе, әр ауылдан келген белсенді жастар «Team-building»-жеңіс кепілі, «Coaching»-каучинг, «Logical games»-логикалық тәжірибелер алмасып, форум көркін қыздыра түсті. Онда «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел, «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» атты экологиялық танымдық сабақ, әртүрлі спорттық эстафеталық ойындар бәрі-бәрі жастар белседілігін танытты. Айтата кететін жайт, аудандық форумға қатысқан ауыл жастары өздеріне жаңа достар тауып қуанышқа кенелсе, форумды ұйымдастырушылар баға жетпес шараның алда да үзілмей жалғас табатынына көз жеткізіп, еңбектерінің еш кетпейтініне марқайды.
Аудандық жастар форумын қорытындылаған Кенжебек Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Салтанат Өтеғұлова форум қонақтары мен форумға қатысушы белсенді жастарға ұжым атынан ризашылығын білдіріп, үздіктерге алғысхаттар табыс етті.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ