21.01.2020, 11:23
Қараулар: 196
БАСПАНАСЫ БАРДЫҢ БАҒЫ БАР

БАСПАНАСЫ БАРДЫҢ БАҒЫ БАР

Қандай болса да өз үйіңнен артығы жоқ. Зәулім сарай болмаса да, өзімдікі деп еңсең көтеріліп жүрмеген соң бар дүниенің шырқы кететін тәрізді. «Үйінің берекесі шақырылған қонағыңмен келеді» деп сенген қазақ үшін өзіне тиесілі төрт қабырғасының төріне сыйлы адамын оздырмаса, ішкен асы бойына тарқамасы анық.
Елімізде мемлекет тарапынан ипотекалық несие де, жалға берілетін пәтер де қарастырылғанымен, баспана мәселесі әлі түбегейлі шешімін таппай келеді. Бірақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтау жөнінде Үкіметке берген тапсырмасы «өз пәтеріміз болса» деген талайдың көңіліне үміт отын ұялатты. Қалың көпшіліктің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруы – бірінші кезекте олардың тұрақты жұмыспен қамтылуы мен басында баспанасы болуына тікелей байланысты. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп босқа айтылмаған, айлығының бір бөлігін пәтерақыға жұмсаған отбасында береке болмайды. Сондықтан тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету алғашқы міндеттердің біріне айналып отыр. Аудан бойынша 311 адам кезекте тұрса, соның 140-ы Казталов ауылынан. Өңірлерде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлаған қазақстандықтардың қатары артуда. Мәселен, өткен жылы казталовтықтар Қандай болса да өз үйіңнен артығы жоқ. Зәулім сарай болмаса да, өзімдікі деп еңсең көтеріліп жүрмеген соң бар дүниенің шырқы кететін тәрізді. «Үйінің берекесі шақырылған қонағыңмен келеді» деп сенген қазақ үшін өзіне тиесілі төрт қабырғасының төріне сыйлы адамын оздырмаса, ішкен асы бойына тарқамасы анық. көптен күткен қоныс тойларын атап өтті. Ауданда 12 пәтерлік екі (Казталов, Жалпақтал ауылдары) жалгерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, сонымен қатар 1 үй көпбалалы отбасыға Бостандық ауылынан ұсынылды. Жаңа баспанаға ие болғандар қатарында мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы, толық емес отбасылар және жас мамандар бар. 2018 жылы Жалпақтал ауылында 12 пәтерлік екі қабатты тұрғын үй, 3 тұрғын үй Талдықұдықта, 1 үй Қараоба ауылында, 1 үй Жалпақталда, 1 тұрғын үй Бірік ауылдық округінде салынып, пайдалануға берілді. Көпбалалы отбасы ретінде пәтер кілтін алған Казталов ауылының тұрғыны Рымгүл Сакетова кезекте 2016 жылдан бері тұрғанын айтты. «Баспаналы болып қуанышымыз еселеніп, жаңа пәтерге кіріп жатырмыз. Жылу, су, жарық дегеннен мүлде мәселе жоқ. Елімізде көпбалалы отбасылар үшін барлық қажетті қолдаулар көрсетілуде. Мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп отырған азаматша ретінде жергілікті биліктегілерге алғысым шексіз» -дейді ол. Елдегі ағайынның бас ауруына айналған үй мәселесі, бұйырса, алдағы уақытта мүмкіндігінше шешілсе деген үмітіміз бар.

Гауһар ӘДІЛЖАН