21.01.2020, 11:20
Қараулар: 129
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕП БЕРДІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕП БЕРДІ

14 қаңтар күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Казталов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімі мен №17 өрт сөндіру бекетінің өткен жылда атқарылған жұмыстары жөнінде есептік жиыны өтті. Жиынға арнайы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Асқар Килишев қатысты.

Шара барысында баяндамашылар өз хабарламаларын жасады. Сонымен қатар өрт сөндіру бекетінің жедел-қызметтік жұмыстары қорытындыланып, ағымдағы жылға қойылатын міндеттері нақтыланды. Жиында қызметкерлердің құрамы, жұмылдырылатын техниканың жағдайы және атқарылған істерге сай есептер тыңдалды.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыс тобының хабарлауынша, 2019 жыл ойдағыдай аяқталды. Отырыста сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер жазылды. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Қосманұлы сөз алып, өткен жылы дала және үй өртінің едәуір аз болғандығын баса айтты. Жолды қардан тазарту, су тасқынының алдын алу сияқты жұмыстардың қарқынды жүріп жатқандығы көңілге қонымды. Үстіміздегі жылда атқарылар жұмыстардың табысты боларына сенім білдірді.  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Асқар Орынбасарұлы қызметкерлерге сыныптық белгі табыс етті.

Диана БАҚСЫҚ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар