21.01.2020, 11:16
Қараулар: 130
ОҚУШЫЛАР САЙЫСТА СЫНҒА ТҮСТІ

ОҚУШЫЛАР САЙЫСТА СЫНҒА ТҮСТІ

14 қаңтар күні аудандық балалар кітапханасында «Кітап және ғаламтор» атты сайыс өтті.
Сайыс мақсаты — оқырмандарға ғаламтордың пайдасы мен зияны, кітап оқу арқылы жақсысын үйреніп, жаманнан жиренуге үйрету.
Сайыс кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы ой бөлісу, ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірталас, спикерлердің қорытынды сөзі сынды бөлімдерден тұрды.
Оқкшылар кітап пен ғаламтор туралы жан-жақты ойларын ортаға салып, өздеріне берілген тақырыпты аша түсті.
Шарада кітап пен ғаламтор туралы бейжазба көрсетілді. Сайыс соңында белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

Гауһар ӘДІЛЖАН