21.01.2020, 11:12
Қараулар: 176
АТАУЛЫ КӨМЕК ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

АТАУЛЫ КӨМЕК ӨЗГЕРІСТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

13 қаңтар күні ауданға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева іс сапарымен келіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Ең алдымен, Казталов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысымен танысты. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті жүзеге асыру барысы бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасыларымен жұмыспен қамту орталығында кездесті.

Жүздесу барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Тишанқызы сөз алып, жаңа форматты түсіндірді. Көпбалалы аналар көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Сонымен қатар жәрдемақы, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмектің дұрыс төленбеуі, кедейшіліктің төмен түсіп кетуі, қысқа мерзімді оқыту (несие, кәсіп бастау) туралы мәселелерді көтерді. Аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек бойынша ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді.

Диана БАҚСЫҚ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар