21.01.2020, 11:08
Қараулар: 178
КОМИССИЯ ҚОРТЫНДЫСЫ — СОҢҒЫ ШЕШІМ

КОМИССИЯ ҚОРТЫНДЫСЫ — СОҢҒЫ ШЕШІМ

12 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қонысбаева Бибігүл Тишанқызы мен Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ысқақова Ділдаш Салауатқызы жұмыс сапарымен Жалпақтал ауылында болып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ауыл тұрғындарын хабардар етіп, оларға кеңінен түсініктемелер берді.
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға жүгінетін көп балалы аналар жаңадан енгізілген өзгерістерге байланысты толыққанды түсінік жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғындарымен кездесуге келген облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Тишанқызы мен сала мамандарына өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Онда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті берудің жаңа қағидаты бойынша жергілікті учаскелік комиссияның қорытындысы басты шешім негізінде қабылданатыны түсіндірілді.
Еркін диалог негізінде өрбіген бас қосу барысында Қазталов ауданының әкімі Альберт Темірболатұлы облыс әкімінің орынбасары мен сала мамандарына тұрғындар атынан алғыс білдірді.


Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ