21.01.2020, 11:05
Қараулар: 112
ЖЫЛДЫҢ ЖАС ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛДЫҢ ЖАС ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Кеше ғана тарих қойнауына тапсырған 2019 жылды қазақ елі «Жастар жылы» деп белгілеген еді. Осы орайда жалпақталдық ағайындар айтулы жылды қорытындылау мақсатында «Жыл үздігі — 2019» мерекелік шарасын жүзеге асырып, жастар арасынан үздіктерді анықтады.
Онда олар ауылымыздың өркендеп дамуына өз үлесін қосып, кәсіби салада оза шапқан жастарымызды салтанатты түрде мадақтаған болатын.
«Ер қадірін ел білсе – елдігіміз, Ел қадірін ер білсе – ерлігіміз»-деген шараны жүргізушілер «Жыл үздігі — 2019» жастар сыйлығының иегерлерін айшықтар мәртебелі сәтте барлық үздіктерді құттықтап, көрермендерге ерекше рух беру үшін шара алдында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Жақсыбаева Әлия Нәсіпқалиқызын сахна төріне шақырды.
Әкім құттықтауынан кейін салтанатты шараны жалғастырған жүргізушілер жыл қорытындысы бойынша үздіктер номинацясын таныстырды.
Үздік аталымдар қатарында «Үздік жас медицина қызметкері» Аманкулова Рада Талғатқызы, «Үздік жас мұғалім» Кенжебек Меңдәлиев ОЖББ мектебі
Наурызова Гүлдана Айғалиқызы мен Ғинаят Молдашев ОЖББ мектебі
Серікова Ұлпан Қанатқызы, «Үздік жас спорт мектебі қызметкері» Каменов Ақылбек Азаматұлы, «Үздік жас спортшы» Ғұмар Сұлтан Нұрболатұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» Мусаев Данияр Маратұлы, «Үздік жас құқық қорғау қызметкері» Қабдекен Мейрамбек Ғалиоллаұлы, «Үздік жас өнер мектебі қызметкері» Ғұбайдуллин Абылай Ерболатұлы, «Үздік жас өнерпаз» Қажкенов Нүркен Амангелдіұлы, «Үздік студент» Бекболатов Ерасыл Қанатұлы, «Үздік жас колледж тәлімгері» Қанатқалиева Әйкөркем Бекболатқызы, «Үздік жас мәдениет қызметкері» Сүлейменова Наргиза Сүлейменқызы, «Үздік жас балабақша тәлімгері» «Ертегі» бөбекжайынан Сейітқалиев Дамир Нұрбекұлы мен «Балдәурен» бөбекжайынан Шамелова Гүлжан Шамелқызы, «Үздік жас кәсіпкер» Төреғалиева Гүлжанат Қайыржанқызы, «Үздік жас интернет блогер» Тілепбергенов Тұрлыбек Тілепбергенұлы танылып, арнайы аталымдар бойынша «Жалпақтал мақтанышы» мен «Үздік белсенді жас» номинациялары белгіленіп, көптеген жастар Жалпақтал ауылдық округі әкімі Жақсыбаева Әлия Нәсіпқалиқызы атынан арнайы дипломдарға ие болды.
Салтанатты шара барысы ауыл өнерпаздарының орындауындағы әдемі әндермен көмкеріліп отырды.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ