21.01.2020, 10:41
Қараулар: 111
ШАЙБЫЛЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС

ШАЙБЫЛЫ ХОККЕЙДЕН ЖАРЫС

10 қаңтар күні Қарасу тоғанында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен хоккейден аудан тұрғындарының арасында жарыс өтуде. Сайысқа 5 құрама қатысты.

2001, 1994, 1992, 1989, 1987 жылы туған ерлер арасында шайбалы хоккей жарысы өз мәресіне жетті. Қысқы спорттық ойында 1987 жылы туғандар командасы барлық командадан басым түсіп, есеп саны бойынша 1 орын алса, 2 орынды 1994 жылғылар, 3 орынды 1992 жылғылар командалары жеңісті өз қанжығаларына байлады. Алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар️»Үздік ойыншы» аталымын Мейрам Ғиляжев, «Үздік қақпашы» Әділбек Жанабаев, «Үздік қорғаушы» Дархан Құттыбаев атанды.

Диана МЕДЕТҚЫЗЫ