8.01.2020, 9:53
Қараулар: 74
ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

5 қаңтар күні көршілес Ресей елінде волейболдан қыздар арасында халықаралық турнир оздырылды. Аталмыш «Рождественские каникулы» турниріне «Казталов аудандық орталық балалар және жасөспірімдер мектебінің» қыздар құрамасы қатысып, жүлделі II орынды иеленіп қайтты.

Дәурен Қабдулов жетекшілік ететін құраманың қыздары, жарыс барысында ерекше ойындарымен көзге түсіп, арнайы аталымдарға ие болды. Соның ішінде Казталов мектеп-лицейінің оқушылары Махаббат Серікова мен Айымгүл Есмуханова «Үздік ойыншы» атанған болатын.

Осыған дейін де түрлі ойындарда жеңімпаз атанып жүрген қыздар құрамасы бұл жолы да ел намысын қорғап қайтты. Екі ел арасындағы татулықты нығайтуға ықпал етер осындай халықаралық деңгейдегі додаларда қыздарымыз топ жара берсін демекпіз. Еліміздің дамуына өз үлесін қосар спортшыларымыздың қатары көп болсын. Салауатты ұрпақ қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген бапкерлердің бабы мен бағы қатар жүрсін деген тілектеміз.

Өз тілшіміз