8.01.2020, 9:44
Қараулар: 181
Балалар әдебиетінің алыбы

Балалар әдебиетінің алыбы

5 қаңтар күні аудандық кітапханада ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Танымды шара барысында мектеп оқушылары Қадыр Мырза Әлінің өткір өлеңдерін аспандата, нақышына келтіріп оқыды. Ұлы далаға нәр беріп, сырдың бұрымындай бұралып, халқының рухани байлығына айналған жыр тарланбозы Қадыр ақынның туындылары, елін, болашақ ұрпақты және жалпы қауымды қуанта берері сөзсіз.

Кеш барша оқушыларды қанаттандырып, тұлғаны жақын танып, білуіне жол аша түсті.

Жұлдыз АСҚАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар