6.01.2020, 10:49
Қараулар: 16
КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОҚЫРМАНЫ

КІТАПХАНАНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОҚЫРМАНЫ

Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. 2000 оқырманы бар аудандық кітапхана оқылымды, түрлі жанрдағы кітаптарға толығып келеді. Сол себепті оқырмандардың саны артуда.
2020 жылы кітапхананың алғашқы оқырманы — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Бақытжамал Қазиханова. Бақытжамал Базарғалиқызы кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптармен танысып, қажетті кітабын оқуға алды.

Айна НҰРЫМ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар