6.01.2020, 10:46
Қараулар: 128
«ЖАДЫРА» КЕШІ КӨҢІЛДІ

«ЖАДЫРА» КЕШІ КӨҢІЛДІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Жадыра» ойын сауық театрының Жаңа жылдық бағдарламасы көрермен назарына ұсынылды. Жанды жадыратар кеште аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әннен шашу шашса, «Қарлығаштың» қыздары билеген «Мүсін», «Снежинка» билері көрермен жүрегінен жол тапты. Сахна төрінде өнер көрсеткен көркемөнерпаздардың актерлық шеберліктері көріністен-ақ байқалды. Лық толы зал шапалақ соғып, күлкіге көмілді.
Осындай көңілді кеш сыйлап, мереке күндерінде бір тыным таппайтын аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің еңбегі бір төбе.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар