6.01.2020, 10:42
Қараулар: 220
ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ТЫШҚАН ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ТЫШҚАН ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

31 желтоқсан. Қазталов ауылының орталық алаңда халық көп жиналды. Жиналған көпшілік 2019 доңыз жылын шығарып салып, 2020 тышқан жылын қарсылауда.
Әсем де әдемі шыршаны айнала билеген балалар мен сан алуан ертегі кейіпкерлерінің костюмін кигендердің көңіл-күйі көтеріңкі.
Мерекелік сахнаға көтерілген аудан әкімі Альберт Есалиев барша аудан тұрғындарын жаңа 2020 жылмен құттықтады.
Аяз ата мен Ақшақар да асыға жетіп, тұрғындарды өз сыйлықтарымен қуантты. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, мерекенің ажарын одан әрі аша түскендей. Сонымен бірге лотарея ойнатылып, тұрмысқа қажетті бұйымдар ұтысқа қойылды.
Сағат 23:00-де сахна төрінде қойылған экран арқылы Мемлекет басшысының Жаңа жылдық құттықтауын тамашалаған көпшілік, мерекелік аспанды сәнге бөлеген отшашудан үлкен әсер алып тарап жатты.

Гауһар ӘДІЛЖАН