6.01.2020, 10:35
Қараулар: 131
БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ

БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ

30 желтоқсан күні аудан орталығында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтті. Аудандық саз мектебінің бүлдіршіндері «Қыс» өлеңін қобызбен орындаса, «Қарлығаштық» қыздар «Снежинка» биімен кеш шырайын аша түсті. Ортаға «Ертөстік» ертегісінің кейіпкерлері шығып, доңыз жылының ерекшеліктерін атап, келер тышқан жылындағы жаңалықтармен бөлісті.
Мерекелік кештің барысында аудандық мәслихат хатшысы мерекемен құттықтап, бүлдіршіндермен бірге шырша шамын жақты. Аяз ата мен ақшақарды қарсылау үшін алдымен ескі жылды қарсылап, олармен қоштасты. Ескі жылды шығарып салған бүлдіршіндер кеште «Тышқандар», «Буратино» билерін билеп, әсем әннен шашу шашты.
Бал-бұл жайнап, қуанған балақайлар ерекше ықыласпен тарқасып жатты…
Айта кету керек, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға аудандық білім беру бөлімі, аудандық балалар саз мектебі, аудандық балалар шығармашылығы және жаңа технолологиялар орталығы және С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің еңбегі зор.

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар