15.03.2019, 12:19
Қараулар: 13
ЖАЛПАҚТАЛДА КӨРІСУ АЙТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖАЛПАҚТАЛДА КӨРІСУ АЙТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышы мерекесі ғана емес,сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін көрініс.
Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, жыл бойына жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез-келген адам ауылға жолы түскен бойда ауылдағы үлкен кісілердің қолын алып, сәлем беруге тиіс. Жалпақтал ауылында көрісу мерекесімен тұспа-тұс аудандық жқмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Жан жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Жалпақтал мәдениет үйінің фоесінде Жалпақтал балалар өнер мектебінің оқушыларының жасаған дүниелері және мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдан жасаған бұйымдары қойылып, ауылдастар көрмені тамашалады. Бұл шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мирлан Құсайынов құттықтау лебіздерін білдіріп, көрісу айт мерекесімен ауылдастарды құттықтады. Лоторея билеттері ойнатылып, түскен қаражатқа аз қамтылған, көп балалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді
Жалпақтал мәдениет үйінде ауылдық ағайындардың құрметіне ауыл өнерпаздары өнер көрсетті. Әнші, күйші, жыршы-термешілер де осында болып, жиналған қауымды дәстүрлі өнермен сусындатты. Мерекелік бас қосудың куәгері болған ауылдастар, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.