15.03.2019, 12:10
Қараулар: 12
КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Халық сенімінде тоғыс — наурыз айының 14-і мен 15-і күндерi келеді. Қазақтың ырымы бойынша, тоғыстың алдындағы қыста қойдың құмалағы қалың қарға батса, жақсылыққа жорып, ырысты жылдан дәметкен.
Ең бастысы, Көрісу — адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі әрі жасы кішілердің үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі салты. Көрші-қолаң, дос-жаран, құрбы-құрдас бір-біріне «Қосқан жасың құтты болсын!», «Ғұмырың ұзақ болғай!» деген ақтайлақ ниетін айтады.
Аудан орталығында да көрісу күні ауыл тұрғындары бір-бірімен арқа-жарқа болып көрісіп, ерекше көңіл күйде болғанын көрдік. Көрісу күні орталықта киіз үй тігіліп, ауылдың үлкендері шақырылған болатын. Аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов бастаған атқамінер азаматтар үлкендермен көрісіп, олардың ақ баталарын алды. Көрісуге келгендер арнайы дайындалған дастарханнан дәм татып, өнерпаздардың әндерін де тыңдады.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.