15.03.2019, 11:56
Қараулар: 28
ЖАЛПАҚТАЛДА КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖАЛПАҚТАЛДА КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

21- ғасырда ару, аналардың болмысы нәзік болғанымен, тірлігі толағай. Ақын мен әкім де, кәсіпкер мен депутат та, ұстаз бен дәрігер де солардың қатарында . Алтын алқа, күміс алқалысы тағы бар. Әйелдер басшылықта табысты, бизнесте жемісті, өнерде өрісті еңбек етіп келеді. Осынау нәзін жандылардың мерекесі 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Жалпақтал мәдениет үйінің төрінде салтанатты жиын өтті.
Әйел- ана барлық өмірдің бастауы. Себебі ол адамды өмірге әкеледі. Ана тілінде сөйлетеді, тәрбиелейді. Жалпақтал мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында алдымен барлық аналар қауымын көктем мерекесімен құттықтаған ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин, әйелдердің қоғамдағы ролі мен ерен еңбегін де атап өтті.
-Ана қоғам тірегі, отбасы шуағы, береке бірліктің бастауы, тәрбиенің қайнар көзі. Міне, айта берсе осындай теңеулер көп. Сол теңеудің ішінде ерекше айтылатыны жұмақтың ана аяғының астында делінуі. Осының өзі ананың адам өміріндегі маңыздылығын көрсетсе керек. Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін,-деп тілек білдірген Самиғолла Сафиоллаұлы «Алтын алқа» «Күміс алқа» атанған аналардыңа алқасын табыс етті. Жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылған жайдары жиында әр салада белсенділігімен ерекшеленген нәзік жандар марапатталды.
Осы жиынға қатысқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиевте өзінің құттықтау лебізін білдірді. Салтанатты жиында «Алаш ұстазы» республикалық журналының 5 жылдығына орай Гүлнар Абдрахманова, Гүлгүл Сәтжанова «Парасатты педагог» төсбелгісімен марапатталды. Әйелдер қауымын әспеттеген ресми рәсім жалғасы «Ару ғұмыр» атты мерекелік бағдарламаға ұласты. Театрланған қойылым көрсетіліп, Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар