15.03.2019, 11:50
Қараулар: 70
«АНА ДЕГЕН ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ»

«АНА ДЕГЕН ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ»

7 наурыз күні «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік шара оздырылды. Шараға алтын құрсақты аналарымыз бен асыл жеңгелеріміз қатысты. Мерекелік шарада көпбалалы, Батыр ана Ұштап Ғабдуллина мен Гүлнұр Әжіғалиева әйел адам — отбасының ұйытқысы, берекенің бастауы екенін айтып, нәзік жандыларды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
-Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі. Оның айтқан әрбір сөзі жылылыққа толы. Анаға, жалпы әйел затына деген құрмет пен қошемет ешқашан таусылмайды ,-деп аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ерхат Бекмолдин барша шараға қатысушы нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Әсем БОЛАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар