15.03.2019, 11:46
Қараулар: 12
АНАЛАРМЕН ЖАРЫҒЫРАҚ БҰЛ ӘЛЕМ

АНАЛАРМЕН ЖАРЫҒЫРАҚ БҰЛ ӘЛЕМ

7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығы аналар өміріне терең бойлатқан, поэзия әлемінде әйелдердің құрметіне жазылған туындылармен өрнектелген тамаша бейнеролик көрсетілуден басталып, «Ана — өмір шуағы» атты театрландырылған көрініспен шырайлана түсті.
Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков: — Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде әйелдер құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Кешегі «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған көпбалалы аналарға берілетін әлеуметтік көмек, алтын құрсақты аналарымызға 2-3 пайызбен берілетін тұрғын үйлер құрылысының қалануы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға
берілетін жәрдемақының өсуі қолдау шараларының әлі де қарқын алатынын білдіреді.
Әйелдер бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр.
Мемлекетіміз жеткен жетістіктерге нәзік жандылардың да қосқан үлесі зор.
Ауданымыздың нәзік жандылары да бизнесте, білім мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда.
Құрметті аналар, апа-қарындастар, барша нәзік жандылар! Бүгінгі мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!- деген тілегін жеткізді.
Мұнан соң аудан басшысы ауданымыздың дамуына үлес қосып, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген бір топ азаматшаларға алғысхаттар табыс етті.
Салтанатты шара аудан көремөнерпаздары даярлаған мерекелік концертке ұласты. Концертте вокалды-аспатық ансамльдің сүймелдеуімен жанды дауыста әдемі әндер орындалып, поэзия топтамалары да ұсынылды. Жналған көпшілік мың бұралған билер мен тамылжыта төгілген күйлерді де тыңдады.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.