15.03.2019, 11:33
Қараулар: 1
АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

6 наурыз күні Жалпақтал, Жаңажол, Қараөзен ауылдық округтердің әкімдері Самиғолла Ақмурзин, Қайыржан Өмірәлиев, Мұрат Рахметуллин және ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов 8 наурыз мерекесі қарсаңында 90 жастан асқан әжелеріміздің шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтады.
-Бүгінде аудан бойынша 90 жастан асқан 22 әжелеріміз бар екен. Солардың шаңырақтарында болып, мерекемен құттықтау біздің парызымыз. Өмірдің талай соқпақтарынан өткен асыл жанды шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтап, ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп отырсыз. Әулетіңіздің жапырағы жайыла берсін,-деп ізгі тілегін білдірген Нағым Ризуанұлы сыйлық табыс етті. Мереке қарсаңында қал-жағдайларын біліп келген округ әкімдеріне, ауданның ақсақалдар алқасына әжелеріміз шынайы ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар