15.03.2019, 11:28
Қараулар: 40
«ЖАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ» ӨЛКЕТАНУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«ЖАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ» ӨЛКЕТАНУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

5 наурыз күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Жайық Толқыны» өлкетану фестивалі болып өтті. Фестивальге 14 орта, 2 негізгі жалпы білім беретін мектептерінен оқушылар командалары қатысты. Фестивальдің ашылу салтанатында Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогы Гүлнұр Əжіғалиева фестивальге қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі. «Жас суретші», «Жас шебер», «Жас ақын», «Жас дизайнер», «Жас аспаз», «Жас талант» номинациялары бойынша сынға түскен мектеп оқушылары бақтары мен баптарын сын таразысына салды.
Жалпы командалық есеп бойынша жүлделі 1 орынды Ақпəтер орта жалпы білім беретін мектебі иеленсе, Қараөзен мектеп-лицейі 2 орынды және А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің командасы 3 орынды қанжығалады. Фестиваль соңында қазылар алқасы өз бағыттары бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жəне белсене қатысқан мектеп оқушыларын марапаттады. Аудандық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Аслан Сарсембиев фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік жасаған Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің ұжымына алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар