15.03.2019, 10:54
Қараулар: 81
НҰРСАЙДА – ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

НҰРСАЙДА – ЖАҢА МЕЙРАМХАНА

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мәлімдеген болатын.
Қазталов ауданында да кәсіпкерлік саласы қарыштап даму үстінде. Жаңадан кәсіп ашып немесе кәсібін дамытып жатырған азаматтарған мемлекет тарапынан үлкен қолдау болуда. Соның айғағындай 1 наурыз – «Алғыс айту» күні Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылында жаңа мейрамхана ашылды.
Ата кәсіп мал өсіруді дамытып жатырған Әнуәрбек Кенжин мен жұбайы Жанаргүл Закуова ауылдастарына қызмет көрсететін «Шаңырақ» шағын мейрамханасын ашып отыр. 60 адамға арналған мейрамхана бүгінгі заманға сай керемет жабдықталған.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов жиналған көпшлікті «Алғыс айту» мерекесімен құттықтап, кәсіптерін бастап жатырған отбасыға табыс тіледі.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар