15.03.2019, 10:49
Қараулар: 26
АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай аудан әкімі Абат Шыныбеков еңбек ардагері, ауданымыздың сыйлы ақсақалы Майдан Қажымовты қабылдап, мерейлі 75 жасымен құттықтады.
Қабылдауда Абат Абайұлы: Құрметті Майдан аға, сіз жұбайыңыз Нұржамал апаймен бірге ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосқан жансыз. Әсіресе, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп, ауылдастарды жұмыспен қатып, аз қамтылған отбасыларға қол ұшын бердіңіздер. Бүгінде сол бейнетті еңбектің зейнетін көріп, үлкен шаңырақтың берекесін келтіріп отырcыз. Осы еңбектеріңіз үшін аудан халқы атынан алғыс айтамын! – деді.
Ақсақал осындай жылы шырай білдірген аудан басшысына алғысын айта отырып: — Біз – еліміз Тәуелсіздік алған жылдан кейінгі нарықтық экономиканың алғашқы қарлығаштарымыз. Ол кездің өзінде кәсібіңді ашу үшін үлкен табандылық пен тәуекелділік керек болатын. Кәсібімізді алғаш бастаған кезде біраз қиындықтарды да басымыздан кештік. Бүгінгі күнде Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында кәсіпкерлік саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау болып жатыр. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!- деген ықыласын білдірді.
Қабылдауда аудан әкімі Майдан ақсақалдың кеудесіне «Ауыл еңбегі үшін» медалін тағып, иығына шапан жапты. Бұнымен қоса облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы атынан келген және аудан халқы атынан алғысхаттар табыстады.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар