20.02.2019, 12:29
Қараулар: 3
ҚЫСҚЫ МАРАФОН

ҚЫСҚЫ МАРАФОН

16 ақпан күні аудан орталығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында жүгіруден қысқы марафон оздырылды. Марафонның мақсаты — халықты бұқаралық спорт түрлеріне тартып, олардың арасында саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Аудан орталығындағы басты көшелер арқылы жүгіріп өткен марафонға қатысушылар арасынан «Үздік ұжым», «Ардагер спортшы» және «Ең жас спортшы» аталымдары бойынша мықтылар анықталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
Марафонға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова құттықтап, үздіктер қатырынан көрінгендерді марапаттады.

«Ауыл айнасы» ақпарат