20.02.2019, 12:25
Қараулар: 100
АҚСАҚАЛДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АҚСАҚАЛДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

15 ақпан күні Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуов пен Қазталов ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов еңбек ардагері Асқар Оңғаровтың шаңырағында болып, ақсақалды 80 жас мерейтойымен құттықтады.
Ауыл шаруашылық саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен Асқар ағамызға құттықтау тілектерін жеткізген қонақтар, округ тұрғындары атынан құттықтаухат табыстады.
Осындай құрмет көрсеткен ел ағаларына ризашылығын білдірген ақсақал ақ батасын берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар