20.02.2019, 12:19
Қараулар: 109
ЖАҢА ЗАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҢА ЗАҢ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазталов аудандық сотының судьясы Ұмсын Мұханғалиева, прокуратуратура, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ-ның, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері, медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері, сот орындаушылар қатысты.
Судья Ұмсын Мұханғалиева енгізілген өзгертулер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуден тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талапты бұйрық арқылы іс жүргізуге аудару мәселесін қозғайтыны, атқару жазба түріндегі бұйрық арқылы іс жүргізудің 10 талабын нотариустарға тапсыру және сот орындаушылардың санкция саласының мәселелері жөнінде айтты.
Қатысушылардың сұрақтарына сот төрағасы және судья толыққанды жауап берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар