20.02.2019, 12:06
Қараулар: 29
ӘКІМ «АЛТЫН АЛҚА», «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ӘКІМ «АЛТЫН АЛҚА», «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет әрқашанда жоғары. Тек балаларының алдында ғана емес, мемлекет алдында да үлкен еңбек сіңіріп, ел алдында абыройларын асырған алтын құрсақты аналарды Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері атанған аяулы жандарды құттықтады.
Венера Махамбетова қазіргі күні Жалпақтал ауруханасында аспазшы. Ал Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің кіші қызметкері Эльмира Турманова жұмыс жасап отыр. Екеуі де жеті бала тәрбиелеп «Алтыннан алқа» тақса, Рита Хамитова алты бала тәрбиелеп «Күміс алқа» иегері атанып отыр.
-Бала – бауыр етің, өмірдегі ең басты бақытың. Бала – өміріңнің жалғасы. Сондықтан да барлықтарыңызға денсаулық, бақыт, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Қазіргі таңда баланы дұрыс тәрбиелеу ең бірінші міндет. Мұны Сіздер өте жақсы білесіздер деп ойлаймын. Мәңгілік Елдің ұрпақтары ертеңгі еліміздің үмітін ақтайтын азаматтар болсын деп тілеймін. Сіздерді марапаттау мен үшін үлкен құрмет. Марапаттарыңыз құтты болсын, – деді өзінің құттықтау сөзінде ауыл әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы.
Қабылдау барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова аналарға өзінің жылы лебізін білдіріп, ақыл-кеңесін айтты. Осындай құрмет қошеметі үшін алтын құрсақты аналар шынайы ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
2018 жылдан күні бүгінге дейін жеті және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген жалпақталдық 4 ана «Алтьын алқа» құрметті белгісімен марапатталып, отбасында алты бала тәрбиелеп отырған 2 ана «Күміс алқа» белгілері табысталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар