20.02.2019, 11:53
Қараулар: 111
ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, ауыл тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында Қараөзен ауылының тұрғыны Назгүл Серікқалиева жұбайының ІІ топ мүгедегі екенін, отбасында алты адам тұрып жатырғанын айтса, Жалпақтал ауылының тұрғыны Шымырбай Исмағанбетов те тұрақты жұмыстың болғанын қалайды. Өз кезегінде Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин жаз мезгілінде қоғамдық жұмыстар тартылатындығын жеткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың көбі тұрақты жұмыс және тұрғын үй сұраушылар. Әр адамның айтарына құлақ асып, жағдайларымен танысып, жеке қабылдаған Абат Абайұлы: «Бұған дейінде қабылдауға келгендер тұрақты жұмыс сұрап келген болатын. Күні бүгін ауылымызда әзір тұрған жұмыс орындары жоқ»,-деді аудан басшысы. Сонымен қатар қабылдауда Ақтоты Батырова өзінің жеке кәсібін ашқысы келетінін, қазіргі күні үйінде көрпе-жастық және қыз жасауын жасап отырғаны айтты. Сол кәсібін ашу үшін қандай да көмек болса деген ойын білдірді. Ал шаруа қожалық жетекшісі Асқар Дауетов ауыл маңынан жет сұрап келді.
-Қазіргі уақытта үкімет кәсіп ашып, жұмыстанамын дегендерге қолдау білдіріп отыр. Сондықтанда ең алдымен жұмыспен қамту орталығы арқылы оқып алу қажет. Бизнеспен айналысқаныңыз өте орынды. Ал жер беру мәселесі бүгінде тек қана аукцион арқылы беріледі. Аукционға қатысып алуыңызға болады. Жалпақтал ауылының іргесінен жер беру қарастырылмаған. Ең бірінші ауылдың бас жоспарынан ауытқуға болмайды,-деген Абат Шыныбеков жер мәселесі жайында жан-жақты түсіндіріп берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар