20.02.2019, 11:41
Қараулар: 3
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Мұнда қамқорланушылармен кездесіп, хал-жағдайларын білді.
Ауданымыздың білім саласына сүбелі үлес қосқан ардақты ұстаз Каримолла Мусееваты мерейлі 80 жасымен құттықтап, оның бұл салаға қосқан еңбегі зор екенін айтты. Сондай-ақ мерейтой иесіне алғыс хатпен естелік сыйлық тарту етті. Каримолла Қанатұлы өзінің саналы ғұмырын білім беруге арнады.
-Сіз өзіңіздің өмір жолыңызда талай шәкірт тәрбиелеген жансыз. Талай шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттеріңіз әр салады абыройлы қызметтер атқарып жүр. Бүгінгі мерейлі жасыңыз құтты болсын, сізге ұзақ ғұмыр тілеймін! — деді ауыл басшысы Самиғолла Сафиоллаұлы. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы, Жалпақал ауылдық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Қадырболат Жұбашев игі тілектерін білдірді.
Еңбек ардагері аға буын өкілдерін ұмыт қалдырмай, елеп-ескерген ауыл әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар