20.02.2019, 11:30
Қараулар: 74
ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ЗІЛТЕМІРШІЛЕР

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛҒАН ЗІЛТЕМІРШІЛЕР

9-10 ақпан күндері Орал қаласында классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер мен ересектер арасында Батыс Қазақстан обылысының кубогі өткен болатын. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде
36 келіде А.Ғабдолханов 3 орын, 48 келіде Мұxаммедәли Мерхан 3 орын, 36 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыбек Алдабергенов 2 орын, 40 келіде Нұрсұлтан Ахонов 2 орын, 74 келіде Бексұлтан Қарабаев 2 орын, 43 келіде Айкүн Қадерова 2 орынды иеленсе 40 келі салмақ дәрежесінде Бақытжан Ерғалиев 1 орынды қанжығасына байлады. Аудан намысын қорғап келген спортшыларымыздың ұстазы ұзақ жылдар бойы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы — Айдын Елемесов.
Спортшыларымызға алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер дейміз!

Гауһар ӘДІЛЖАН