13.02.2019, 11:23
Қараулар: 1
ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

7 ақпан күні аудан әкімі Абат Шыныбековтің қатысуымен аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтхожинді зейнет жасына құрметпен шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Шарада сөз алған аудан әкімі Абат Абайұлы Нұретдин Ихсанұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап, оның экономика, ауыл шаруашылығы саласында атқарған істерінде тоқталып өтті. Нұретдин Ихсанұлына аудан әкімі Абат Абайұлы Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының, БҚО Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы А.Есекенованың, аудан әкімі Абат Шыныбековтің атынан алғысхаттар табыс етіп, иығына шапан жапты. Ал «Нұр Отан» аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев мәслихат атынан алғысхаттар табыс етті.
Шарада Нұретдин Ихсанұлы сөз алып, талай жылдардан бері қоян-қолтық қызмет атқарған ұжымына, қиын-қыстау кездерде бірге жүріп-тұрған, бір-біріне демеу болған қызметтестеріне деген қимастық сезімін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.