5.02.2019, 11:25
Қараулар: 46
АУДАН ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

АУДАН ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

1 ақпан күні іс сапармен Қазталов ауданына облыс әкімі Алтай Көлгінов келді. Өңір басшысы сапарында аудан орталығындағы жаңадан жабдықталған балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан бастады.
Аталған орталықтағы 20 үйірмеге 780 оқушы қатысады. Мектеп оқушыларын жаңа технологияларды игертуге, шығармашылықпен шұғылдануға баулитын орталықта қолданбалы өнер, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-техникалық, IT сыныбы, би және басқа да үйірмелер жұмыс жасайды. Орталықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Елбасы Жолдауында айтқан Жастар жылындағы жақсы бастама екендігін айтып, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан соң өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде ауданның белсенді жастарымен кездессе, жастар өздерінің тың жобаларымен таныстырды. Жастардың жобаларына ризашылық білдірген облыс әкімі жарияланған Жастар жылында игі істерге атсалысуға, аудан орталығы Қазталовта жаңадан салынатын мектептің құрылысына жастар жасақтарын құрып, үлестерін қосуға шақырды. Бұдан кейін Алтай Сейдірұлы Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбековтың аудан тұрғындары алдында есеп беру жиынына қатысты. Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық басқарма басшылары да қатысып отырды. Жиында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауданда жыл ішінде атқарылған жұмысынан есепті баяндама жасады. (Есеп беру жиынының толық нұсқасы газет бетінде жарияланатын болады.)

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар