5.02.2019, 11:10
Қараулар: 78
ОҢТҮСТІКТІК АҒАЙЫННЫҢ ТІЛЕГІН ЖЕТКІЗУДІ ЖӨН САНАДЫҚ

ОҢТҮСТІКТІК АҒАЙЫННЫҢ ТІЛЕГІН ЖЕТКІЗУДІ ЖӨН САНАДЫҚ

Күні кеше аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановпен бірге қар мол түсіп, қиындық туып отырған Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтеріне барып қайтқан болатынбыз.
(Бұл жөнінде кеңірек жазылады) Ендігі айтайық деп отырғанымыз Қараоба ауылдық округінің Еңбек ауылынан және көршілес Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылына Түркістан облысынан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) мал сатып алуға барған ағайындар жолдың қиындығынан кері қайта алмай қалған болатын. Бұларға біздің ауданнан барған техникалар жол салып, қар құрсауынан құтқарды. «ДорремСервис» ЖШС-ның механизаторы АХАТ МҰХАМБЕТКЕРЕЕВ және «ЖарқынҚұрылысЖол» ЖШС-ның жетекшісі РИНАТ МЫРЗАГЕРЕЕВТІҢ еңбектері бір төбе.
Оңтүстіктің жұмсақ қысына үйренген ағайындар бұндай қарды бұрын көрмеген ғой…
Мал сатып алушы Мұхтар Нүрпейіс,- осындай қыс қиындығын жеңіп жатқан қазталовтық ағайындарға қатты ризамыз. Аудан басшысына, округ әкіміне, ауыл тұрғындарына біздің алғысымызды жеткізсеңіздер екен. Қазталовтай бірлігі бекем ел биікке көтерілері сөзсіз,- деді.
Біз оңтүстіктік ағайынның тілегін жеткізуді жөн санадық.
Суретте оңтүстіктік жігіттер

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар