5.02.2019, 11:06
Қараулар: 0
ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ БАҚЫЛАУДА

ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ БАҚЫЛАУДА

— Қаңтарылған қыс кім-кімге де оңай соғып тұрмағаны белгілі. Әлсін-әлсін боран соғып, жауған қардың салдарынан жол қатынасына қолайсыздықтар тудыруда. Дегенмен республикалық маңызы бар жолдың бойында орналысқан ауылымыз қыс бастағалы облыспен де, ауданмен де қатынас үзген емес. Бұны қыс уақытындағы ауа-райының қолайсыздығын жүйелі жоспарлаған аудан әкімдігінің жұмысы деп білемін, — деді нұрсайлық тұрғын Хасен Сүйінішқалиев. Бүгінгі іссапар барысында кездескен бұл тұрғынның сөзінің жаны бар. Себебі біз республикалық маңызы бар Қазталов — Жәнібек автожолының 5-32 шақырым аралығындағы жұмыс барысындағы көрініске куә болдық. Күре жолдағы жұмыстың жәй-жапсарын білу үшін жол шеберінің жанына жақындадық.
«Қазақавтожол» ЖШС-ның №41 жол пайдалану бөлімінің жол шебері Бекжан Болат: — Республикалық маңызы бар Қазталов-Жәнібек автожолының 5-32 шақырымы бойынша «Қазақавтожол»ЖШС-сының 5 техникасы жұмыс жасайды. Қыс бастағалы жолда қалған 50-ге жуық көлік шығарылып, 160 шақты адамға көмек көрсетілді. Сондай-ақ қардың қалың түсуіне байланысты айдың ортасында қосымша 2 техника көмекке келіп, үздікссіз жұмыстар атқарылуда. Техникамыз бұзылған уақытта жедел жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Өйткені жол қатынасының болмауы жол жүретін ағайынға қиынға соғарын білеміз. Арадағы қатынастың үзілмеуін жіті назарда ұстап отырған жәйіміз бар, — деп өздерінің жұмыс барысымен таныстырды.
Жол шеберінің сөзіне сүйенсек, қазіргі күнде толассыз жұмыстар жүргізіліп, жол қатынасын үзбеу тиянақты түрде қолға алынған.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.