5.02.2019, 10:57
Қараулар: 22
ЖАЛПАҚТАЛДЫҚ ЖАСТАР АЛМА БАҒЫН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛМАҚ

ЖАЛПАҚТАЛДЫҚ ЖАСТАР АЛМА БАҒЫН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛМАҚ

Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай аудан әкімі Абат Шыныбеков бүгін Жалпақтал ауылында болып, осы аймақтағы Қарасу, Ақпәтер, Жаңажол, Қараөзен, Жалпақтал ауылдарының жастарымен бейресми кездесу өткізді. Басқосудааудан басшысы жастардың ой-пікірін тыңдап, еркін пікір алмасып, қолға алған жобаларын тыңдады.
Ауданымыздағы жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналған басқосуда Абат Абайұлы жас буын өкілдерін елдің дамуына өз үлесін қосып, белгілі-бір іспен айналысуға шақырды. Жасандылықтан аулақ жүріп, үш тілде білім алу қажеттігін атап өтті. Қоғамымыздың белсенді күштерінің бірегейі – жастар. Ауданымызда, ауылымызда болып жатқан қоғамдықсаяси, әлеуметтік, экономикалық, спорттық және басқа да шараларға жастар белсене қатысып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылға келетін жастар бағдарламада қарастырылған басқа да жеңілдіктерді толықтай пайдалануда. Кездесу барысында ауыл жастары әртүрлі ұсыныстарын, ой пікірлерін ортаға салды. Өздерінің жасақтаған жобаларын аудан басшысы алдында таныстырды. Ең алдыменен Жаңажол ауылынан Айнұр Мәдиева қоршаған ортаны қорғау мақсатында Жаңажол ауылын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында өзінің жобасын таныстырды. Оның айтуынша ауылдың демалыс саябағын ұйымдастыруды қолға алып, гүлзарлар отырғызуды қолға алмақшы. Ал Қарасу ауылдық округінен келген Эра Қожанова ауыл жастары мен тұрғындар бірлесе отырып, «Мәңгілік алаң» жасақтауды қолға алмақшы.
-Қарасу ауылының жастары көмек қорының есебінен ескі мәңгілік алаудың орнына боздақтарды ұмытпай, ерен еңбектері ұмытылмас үшін жаңғырту мақсатында «Мәңгілік алаң» деп аталатын саябақ ашқымыз келеді,-деген жастар жетекшісі Эра Қожанова жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, айналасы қоршалып, субұрқақ орнатуды жөн көріп, орындықтардың қойылатындығын жеткізді. Бұл жобалармен қатар Ақпәтер ауылдық округінің жастары да өздерінің жобаларын таныстырды. Ақпәтерлік жастар патриоттық әндер байқауын ұйымдастыруды жөн көріп, бұл байқауға ауданымыздың жастарын кеңінен қатыстырылса деген өздерінің ұсыныс пікірлерін айтты. Сонымен қатар қараөзендік Айтгүл Меңдіханқызы «Қоқыс халық дерті» деген жобасын таныстырып, бүгінгі таңда қоқыстардың адам үшін қауіпті екен жеткізді. Осы жиын барысында жалпақталдық жастар ауыл шетінен алма бағын жасақталса деген өздерінің жобаларын айтты. Жалпақтал жастарының айтуынша Қараөзен өзені іргесінен бұрыңғы алма бағын қайта қолға алып, өзен жағасынан жағажай, балалар ойын алаңы қолға алынса деген ой пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар жалпақталдық жастарды алма бағын жасақтауға шақырды. Ал Жалпақтал коллледжінің ұстазы Сатыбалды Тасболатұлы да өзінің жобасымен бөлісті. Ол «Күн энергиясын пайдалану және оның болашағы» атты жобасын таныстырды. Сатыбалды Тасболатұлы бұл жобаның пайдасы бар екендігін жеткізді. Осындай бас қосу барысында Жалпақтал колледжінің директоры Мағауия Есмағұлов, жерлес ақын Қыдыр Абдрахманов, ауыл жастары жобаға байланысты өздерінің ой пікірлерін ортаға салды.
-Сіздердің көтеріп отырған ұсыныстарыңыз, идеяларыңыз дұрыс. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстан қызғалдақ пен алманың отаны деген болатын. Ал біздер сол алмамызды, қызғалдағымызды жастар болып неге қолға алмасқа? Өткен жылы тұңғыш рет Қайыңды ауылында қызғалдақтар фестивалін өткіздік. Біз оны кім үшін өткіздік? Сол қызғалдақтар фестивалінде ішіп, жеп, ойын суық көтеру үшін өткізген жоқпыз. Осыны биылда қолға алып кең көлемде өткізуді жоспарлап отырмыз. Соны әрі қарай дамытуымыз қажет. Жаңа Жалпақтал жастары алма бағын өсіруді қолға алып отырғандары дұрыс. Қолдаймын. Қолымыздан келгенше көмектесеміз. Бірақта бір адам осының басы қасында жүру керек. Қалған жастар қолдап, көмек көрсетсеңіздер дұрыс болар еді. Біздер көбірек жастарды қамтысақ бұл біздің жастар жылында жеткен жетістігіміз. Мақсат біреу жастарды ауылда тұрақтандыру және бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті қылып тәрбиелеп шығару. Оған біріншіден жастардың бірлігі керек. Сондықтанда бірлікте, ынтымақта, татулықта болайық,-деген Абат Абайұлы басқосу жиынын қорытындылады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН