19.12.2018, 12:21
Қараулар: 91
ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАН ƏКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАН ƏКІМІНІҢ КУБОГЫ ӨТТІ

15 желтоқсан күні спорт кешенінде Тəуелсіздік күніне орай аудан əкімінің кубогыне волейболдан жарыс өтті. Жарысқа ауылдық округтердің командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан əкімі Абат Шыныбеков спортшыларға сəттілік тілеп, Əжібай, Көктерек, Тереңкөл ауылдық округтерінің əкімдеріне облыс əкімінің алғысхатын табыс етті.
Жарысқа ауылдық округтерден 13 команда қатысқан болатын. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде аудан әкімінің кубогін жалпақтал ауылдық округінің командасы өз қанжығасына байласа, 2 орынға Бостандық пен 3 орынға Ақпәтер ауылдық округінің командалары иеленді.
Жарыста әдемі ойын өрнегін көрсеткен Самиғолла Ақмурзин «Үздік ардагер спортшы», Бекежан Жүсіпқалиев «Үздік байланыстырушы», Саят Сағынәлі «Үздік ойыншы», Кенжебек Қабенов «Үздік қорғаушы», Елдос Өтеғұлов «Үздік шабуылшы» аталымына лайықты деп табылып, марапатталды.

Гауһар ӘДІЛЖАН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.