19.12.2018, 12:11
Қараулар: 2
ЖАЛПАҚТАЛДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

ЖАЛПАҚТАЛДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Жалпақтал мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Бұл мерекеге қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ауылдастарды мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиында ауданның, ауылдың дамуына үлес қосқан бір топ азаматтар мен азаматшалар марапатталды. Оқу ісінің үздігі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Баян Құбайқызына «Айтыстың 60 жылдық» медалін аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Ихсанұлы табыс етті. Сонымен қатар Пайғамбар жасына толған, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген жеке кәсіпкер, «Жиенбай» ЖШС-нің жетекшісі Ахметқали Қарағойшинге шапан жауып, алғыс хатпен марапаттады. Осы жиында ауылдастар атынан Абылай Молдашев, жастар атынан Шалқыма Меркулова игі тілектерін білдірді. Салтанатты жиын соңы ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар