19.12.2018, 12:03
Қараулар: 35
«МАҚТАНЫШЫМ – ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМ»

«МАҚТАНЫШЫМ – ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІМ»

13 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне арналған «Мақтанышым – Тұғырлы Тәуелсіздігім» атты салтанатты шарасы оздырылды.
Салтанатты шараның басында «Тәуелсіздік – тұғырым» бейнефилімі көрсетіліп, айтулы мерекенің мәнін терең ашып бергендей болды.
Шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков,- Егемен еліміздің мәртебесі көтеріліп, мерейімізді асырған барша жетістіктеріміз – ол біздің берекелі бірлігіміз, ортақ табысымыз, ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымыздың қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналып, Еңсесі биік Егемен ел, Тұғыры мықты Тәуелсіз Мемлекет болуымыз! Баршаңызды еліміздің тұғырлы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!- деген тілегін жеткізіп, ауданымыздың жеткен жетістіктеріне де тоқталып өтті.
Салтанатты шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматтарға облысы әкімі мен аудан әкімінің Құрмет грамотасы, алғысхаттарын және «Ауыл еңбегі үшін» медалін аудан әкімі Абат Абайұлы табыстады.
Сонымен қатар аудан басшысы әр салада жыл бойы табысты қызмет атқарған «Жыл үздіктерін» марапаттады.
Салтанатты шараның соңы аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласып, күмбірлеген күйлер, мың бұралған билер мен қатар мәдениет үйінің сахнасын әуелеткен әндермен ұштасты.

Қайрат ЖАҚЫП