19.12.2018, 11:55
Қараулар: 37
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

13 желтоқсан күні аудан әкімі Абат Шыныбеков ақпәтерлік Қаһарман Қисметовты қабылдады. Қаһарман – Бухарест қаласында грек-рим күресіненен өткен жатқан U-23 чемпионатында жастар арасында арасындағы 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегері. Үшінші орын үшін таласта палуанымыз ресейлік Нарек Оганянды 5:0 есебімен сүріндіріп, турнирдің қола жүлдесін олжалаған. Атырау атынан шыққан ақпәтерлік палуан қабылдауға бала күнінен күреске баулыған ұстазы Жеңіс Стамғазиев пен үнемі қолдау көрсетіп, демеушілік жасайтын Самат Хасановпен келді. Ақпәтерлік өрен бүгінде Алматы қаласындағы «Шаңырақ» спорт колледжінде білім алуда.
Қабылдауда аудан әкімі палуанды жеңісімен құттықтап, аудан халқы атынан алғысхат табыс етті.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар