19.12.2018, 11:51
Қараулар: 6
МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚАБЫЛДАДЫ

13 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі Абат Шыныбеков ауыл шараушылық саласында ұзақ жылдар қызмет атқараған, бүгінде 80 жасқа толып жатырған, талдықұдықтық еңбек ардагері Ермек Әнесұлы Аманғалиевті қабылдады.
Қабылдауда аудан басшысы ақсақалды мерейлі жасымен құттықтай отырып, Ермек Әнесұлының ауыл шаруашылық саласында жемісті еңбек етіп, ауданымыздың экономикасының дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
Сонымен қатар Абат Абайұлы еңбек ардагеріне жылы лебізін білдіріп, алғысхат табыстады.
Қабылдауға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев пен Қазталов ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов Ермек Әнесұлының иығына шапан жауып, ардагерлер ұйымы атынан құттықтаухат табыс етті.
Қабылдауда сөз алған Ермек Аманғалиев осындай қабылдау жасаған аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жаңалықтар

Басқа да мақалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.